Тоқаев Бағанашылдағы балалар үйін жаңғыртып жатқан кәсіпкерді қабылдады
Компания Алматы қаласындағы "Бағанашыл" балалар үйін 5 миллиард теңге жеке қаражаты есебінен қайта жөндеуді бастады. ...
Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салған жөн. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Осы тұста тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба қолға алынатыны туралы жариялағым келеді. Мен Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырдым. Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл – тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба. Бұдан бөлек Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салған жөн", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президентің айтуынша, бұл жоба ішкі көлік қатынастарын едәуір жақсартады. Сондай-ақ орталық аймақтағы ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге және мал шаруашылығын дамытуға тың серпін береді.
"Елімізде машина жасау, металлургия, мұнай-химия, агроөнеркәсіп және көлік-логистика салаларында мұндай жобалар аз емес",- деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікірін айтты.
Компания Алматы қаласындағы "Бағанашыл" балалар үйін 5 миллиард теңге жеке қаражаты есебінен қайта жөндеуді бастады. ...
Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қ ...