Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Трамп Ресей мен Украина қақтығысын тоқтата ала ма?
Дональд Трампқа "Ресей мен Украина қақтығысын 24 сағат ішінде шеше аламын деп неге айттыңыз?" деген сауал қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты 24 сағат ішінде шеше алатынын бірнеше рет айтқан еді. Бұл көптеген адамға шындыққа жанаспайтын мәселе болып көрінді және ол әлі орындалмады. Дегенмен, Full Measure бағдарламасының жүргізушісі Шэрил Атткиссон бұл туралы АҚШ президентінен тікелей сұрады. Бұл жексенбіде толық көрсетілетін сұхбаттың анонсында көрсетілген.
– Сол кезде мысқылдап айттым, – деп жауап берді Трамп. – Менің нақты айтқым келгені – бұл қақтығыстың шешілгенін қалаймын. Менің қолымнан келеді деп ойлаймын.
Сонымен қатар, бағдарлама анонсында Трамп Ресеймен атысты тоқтату туралы келіссөздер әлі де жақсы жүріп жатқанын айтты.
– Дүйсенбіде бұл жайында көбірек білеміз, жақсы болады деп үміттенеміз, – деп қосты Трамп нені меңзегенін ашып айтпай.
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Аяғына пышақ сұққан: Теміртауда автобуста жолаушыны жарақаттаған ер адам қолға түсті. Қанды оқиға жайлы ақпарат әл ...