«Бала туа салу дұрыс емес»: Актриса ана болудан қорқатынын айтты
Актриса Фариза Ескермес ана болуға байланысты ішкі алаңдаушылығын ашық айтып, жұртшылық назарын аударды. Ол Ай ...
Шаңырақ ұлтымыз үшін киелі ұғым.
Бүгін елімізде "Шаңырақ күні" атап өтіліп жатыр. Наурызнаманың 10 күндігі аясында ұлықталған мерейлі мерекенің әр отбасы үшін маңызы ерек. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда "Шаңырақ көтеру" атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы "Шаңырақ" күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
Актриса Фариза Ескермес ана болуға байланысты ішкі алаңдаушылығын ашық айтып, жұртшылық назарын аударды. Ол Ай ...
Танымал кәсіпкер, Баян алагөзованың жары Тұрсын Алагөзов өзінің отбасылық сырларымен бөлісті, деп хабарлайды S ...
Жуырда танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен арадағы жағдай туралы бар шындықты айтып , ...