Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі – Қазгидромет
« Қазгидромет » РМК-сы наурыздың 16-сы күнгі күн райы болжамын жариялады. Бұл туралы Caravan.kz медиа порта ...
Жолаушыларға жолға шығарда абай болуды ескертеміз .
16 наурызда Қазақстанның 13 облысы мен елордада жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Қазгидромет дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада күндіз жаңбыр, қар жауады. Жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең жауын-шашын, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Таразда кейде тұман түседі.
Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында және шығысында көктайғақ болады, облыстың солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында және Қонаевта тұман түседі.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жезқазғанда тұман түсіп, көктайғақ болады.
16-18 наурызда Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман түседі.
Атырау облысының батысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, қар жауады деп болжануда. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавлда жаңбыр, қар жауып, түнде көктайғақ болады, кейде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Оралда тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде тұман түседі. Алакөлде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні – 25 м/с.