Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Ұлттық құрылтай — Мемлекет басшысының халық алдындағы есебі, деп білеміз дейді маңғыстаулық ел ағалары. Өйткені, Президент алдыңғы құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша қабылданған шешімдерге тоқталып, алда атқаралатын жұмыстарды айқындап берді. Оның ішінде әр өңірді дамыту арқылы, бүкіл елдің қуатын арттыруға қатысты берілген тапсырмалар және аутизммен ауыратын балалар үшін арнайы мектеп салу туралы жобалар аймақ тұрғындарының көңілінен шығып жатыр.
Алқажан Еділхан, өлкетанушы:
Ономастика мәселесі біздің облыста күрделеніп бара жатыр еді. Жеке кісілер, жеке топтар әр бір ауылға, көшелерге кейбір айшықты нысандарға өзін ғана мадақтайтын есімдерді қоюға ұмтылыс болды. Президентіміз бұл мәселелердің барлығына тоқтау салды. Оған біз үлкен ризашылық білдіреміз.
Оңайбек Әбділов, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Жалпы Мемлекет басшысының ұстанымы қуатты аймақ, қуатты ел дегенді ол жиі айтады. Шынында да әр өлке, әр өңір қуатты болатын болса, мемлекетіміз қуатты болатыны анық. Қазіргі осы жасалып жатқан істердің бәрі әлемдегі болып жатқан әр түрлі сын қатерлерге қарсы мемлекетімізді қандай дәрежеде көтереміз, қалай қуатты қыламыз деген бағытта атқарып жатқан жұмыстар.
Аягөз Оралбайқызы
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ президенті ...
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...