• 19-03-2025

Инсульт алған науқастың толық қалпына келу мүмкіндігі бар - дәрігерлер

Жіті ми қан айналымының бұзылуы (инсульт) кезінде механикалық тромбоэкстракция әдісін қолдану науқастың толық қалпына келу мүмкіндігін арттырады. Бұл шағын инвазив әдісі арқылы тромб алынады. Дәстүрлі тромболитикалық терапиямен салыстырғанда, осы әдіс асқыну қаупін азайтады. Бұл туралы мамандар айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тромбоэкстракция инсульт алған науқасқа толық қалпына келуге мүмкіндік береді. Бұл жерде уақыт басты рөл атқарады: неғұрлым ерте жасалса, толық қалпына келу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Тәжірибемізде жақсы нәтиже болды: инсульт салдарынан сал болып қалған науқастар бірнеше күннен кейін өздігінен жүріп, сөйлеп кетті", — дейді Алматының №4 ҚКА нейрохирург дәрігері Алдоңғар Айсауытов.

Маман мұның артықшылығы неде екенін айтты.

"Невролог, нейрохирург және реаниматолог дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында механикалық тромбоэкстракция адамды құтқару әдісінің біріне айналып келеді. Бұл әдіс көптеген науқастың мүгедектікке ұшырауының алдын алып, қалыпты өмірге оралуына көмектеседі", – деді №4 ҚКА инсульт орталығының меңгерушісі Динара Мұқанғалиева.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!