Мемлекет басшысы: "Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады"
Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А ...
Бірінші кезекте, қаражаттың негізгі көлемі минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігін іске асыруға бағытталған .
Қаулы Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдары ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 2 есеге ұлғайту және топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу деңгейін ғылыми негізделген қажеттіліктің 50%-на дейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қабылданды.
Құжат Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде қаражат аударуды көздейді.
Өткен жылдың наурыз айында АӨК-ті қолдау шеңберінде тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілгені белгілі. Бұл ретте бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған тыңайтқыштарды жеткізу үшін отандық зауыттардың арнайы шоттарына алдын ала аударылады.
Қабылданған шаралар есебінен алғаш рет тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми негізделген қажеттіліктің 40%-на жетті (2024 жылға дейін 21%-дан аспаған).
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық кезінде Үкіметтің дер кезінде қаржылық қолдау көрсетуі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз етуге, жоғары әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.
Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А ...
Қазақстанда жыл сайын шағын және орта бизнес өкілдері көбейіп жатыр, 2015 жылы елімізде 1,2 млн ШОБ субъектісі болса, бы ...
Боливия жиын-терімге толыққанды кірісе алмай отыр. Оған себеп — жанар-жағармай тапшылығы. Күллі ауыл шаруа ...