Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген байыпты бастамалар қызу талқыланып жатыр. Алқалы жиында ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірлерді дамыту сынды тақырыптар қозғалды. Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер туралы тұрғындар не дейді?
Алматы қаласының тұрғыны:
Ұлттық құрылтайда Президентіміз алаяқтықпен күресу керектігін айтты. Мен осы мәселеге келісемін. Өйткені интернеттегі алаяқтар көбейіп кетті. Сондықтан халқымыздың цифрлық сауаттылығын арттыруымыз керек. Алаяқтардан зардап шеккендер қатары көбейіп барады.Алматы қаласының тұрғыны:
Қазіргі таңда аферистер көп. Оны әлеуметтік желіде күнде көріп жүрміз. Аз-маз ақша үшін жарнама жасайды. Оған қарапайым адамдар сеніп қалады. Президент коучтар, интернет-алаяқтар туралы Құрылтайда айтқан пікіріне мен де қосыламын.
Алматы қаласының тұрғыны:
Президенттің Құрылтайда халыққа айтқан негізгі мәселелерінің бірі — негізі бюджет әлеуметтік салаларға жұмсалуы тиіс дегенін дұрыс деп есептеймін. Мемлекет медицианың, мәдениеттің дамуына күш жұмсауын тиіс. Жастар мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс.
Қуан Нұрақын
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клу ...
Республика күні қарсаңында Астанада "Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі " ұраныме ...