Қысқа мерзімді оқыту жаңа жұмыс орындарын табуға көмектеседі
2025 жылы мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші бойынша 1687 адамды кәсіптік оқытуға жіберді, оның іші ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Алматыда ұстаздар мен оқушыларға арналған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші таныстырылды. Қысқаша түсіндірсек, «Qamqor» қосымшасына бірнеше электронды оқулықтың мазмұны кіріктірілген. Жасанды зият сол кітап шеңберіндегі кез келген сұраққа жылдам жауап тауып, оқу материалын тиісті тақырыпқа қатысты өңдеп бере алады. Бұл мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқу процесін автоматтандыруға және білім беру мүмкіндіктерін барынша пайдалануға септігін тигізеді. Жоба «Алматыкітап» баспасы ұйымдастырған «Leader Topiq» сайысы негізінде қолға алынған. Интеллектуалдық бәсеке заманауи білім беру ісінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған.
Әсима Рысқұлбекова, «Алматыкітап» баспасының вице-президенті:
Биылғы конкурстың артықшылығы – ұстаздар қауымының білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді кіріктіре отырып, білім беру платформаларын, электрондық оқулықтарды, күнделікті сабақта ұтымды қолдана білуге баулу және тәжірибелерін дамыту.
Ернұр Медет
2025 жылы мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші бойынша 1687 адамды кәсіптік оқытуға жіберді, оның іші ...
Орыс тілділерге, жалпы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін қысқа мерзімде үйренуге көмектесетін оқулық жарық көрді. В ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысыме ...