Қарағандыда анасы 4 жасар ұлын байлап, қолын қайырып, жалғыз тастап кеткен
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...
Сотталушылар Тоқтаубаев Азамат пен Тоқтаубаев Нұрболдың адвокаты судьядан жаза мерзімін қысқартуды немесе оларды толық ақтауды сұрады. Оның айтуынша, олар оқиға орнында болғанымен, пышақ ұстамаған және ешкімге жарақат салмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Аталған іс бойынша тергеу әділеттілікке емес, қысым көрсетуге негізделді. Тергеу барысында күдіктілердің нақты әрекеттеріне жеке-жеке баға берілмей, тек топтық айып тағылды. Сот талқылауында Тоқтаубаев Нұрбол мен Тоқтаубаев Азаматтың кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар ұсынылмағаны, сондай-ақ кейбір дәлелдемелердің жарамсыз екені анықталды. Айыптау актісі сегіз рет көшіріліп, оқылып берілді. Атап айтқанда, Тоқтаубаев Нұрболға қатысты оның нақты қандай құқық бұзушылық әрекет жасағаны көрсетілмеген”- деді адвокат.
Адвокаттың айтуынша, сотта қаралып жатқан басты мәселе — барлық айыпталушыға бірдей жаза тағайындау. Алайда әділдік дегеніміз — әркімнің кінәсін жеке бағалау.
“Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 393 — бабы негізінде Тоқтаубаев Нұрбол мен Тоқтаубаев Азаматтың әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 293 -бабы 3-бөлігінен 293-баптың 1-бөлігіне қайта саралауды немесе қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты оларды ақтау туралы үкім шығаруды сұраймыз” — деді адвокат
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...
АҚШ-та бұрын университетте жұмыс істеген жас жігіт Президент Дональд Трампқа қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды ...
Айыпталушылар қатарында сегіз ер адам мен екі әйел бар. Парижде Франция президенті Эммануэль Макронның жұбай ...