Қарағандыда анасы 4 жасар ұлын байлап, қолын қайырып, жалғыз тастап кеткен
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...
Айыпталушылар қатарында сегіз ер адам мен екі әйел бар.
Парижде Франция президенті Эммануэль Макронның жұбайы Брижит Макронға қатысты жалған ақпарат тарату ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айыпталушылар қатарында сегіз ер адам мен екі әйел бар. Олар Брижит Макрон ер адам болып дүниеге келген деген жалған ақпарат таратқан.
Сотталушыларға 72 жастағы Брижит пен 47 жастағы Эммануэль Макронның жас айырмашылығына қатысты жала жабу және беделіне нұқсан келтіру бойынша айып тағылды.
AFP агенттігінің хабарлауынша, Брижит Макрон алғашқы сот отырысына қатыспаған және келесі тыңдауларға да қатысуды жоспарлап отырған жоқ. Дегенмен оның қызы Тифани Озьер сотта куәлік беруі мүмкін.
Айып тағылғандардың арасында сайланбалы лауазым иесі, галерея иесі, мұғалім және интернет экстрасенсі бар. Олардың бірі – Амандин Рой лақап атымен танымал 51 жастағы Дельфин Дж. Сонымен қатар өзін тәуелсіз журналист деп атайтын Натача Рей есімді айыпталушы да бар. Ол бұған дейін де Брижит Макронға жала жапты деген айыппен сотталған болатын.
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...
Астанада блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты әкімшілік сот басталды. Олар курстар ар ...
Бүгінгі Талғар аудандық сотында өткен процессте "Шерзат ісінен" соң аты шыққан Хасан Қасымбаев өзіне тағылған ...