Жыл сайын жарты миллион азамат жұмыс берушілердің қаржысы есебінен оқиды
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...
Павлодар облысы Баянауыл ауданында бюджет қаржысына салынған екіқабатты үйдің суықтығынан тұрғындар көшіп кеткен. 24 пәтердің 6-сында ғана адамдар тұрып жатыр. Олар жылыту маусымы кезінде электр қуатына ай сайын 200 мыңға дейін төлеген.
Ғанибет Мәди, Баянауыл тұрғыны:
Қаңтар айына біз, мысалы, 107 мың 418 теңге 62 тиын төледік. Бір айға ғана. Қыста бұл жерде баламен тұру қиын. Сол себепті біз кей кезде ауылда болсын, қай жақта бос жер үй бар, соған ай сайын төлеп тұрамыз.
Виктор Лупанчук, Баянауыл тұрғыны:
Бәрі кетіп қалды. Ешкім тұрмай жатыр. Қазір 6 отбасы тұрып жатыр. Мұнда суық. Үйге кіргенде аяқ киімммен ғана жүреміз.
Аудан әкімшілігі бұл мәселеден хабардар. Кезінде көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға салынған үйде олардың мұнда тұрмайтынын да біліп отыр. Қазір әкімдік жылу жүйесін жөндеп жатыр, ол үшін жергілікті бюджеттен 10 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Ардақ Ксентаев, Баянауыл ауданының әкімі:
Айналысып жатқанымызға 2 жыл болды. Былтыр біз кірпіштің ішінен жылыту бердік. Арнайы пенамен. Бірақ жылу жүйесі электрмен болғасын, халыққа қатты көмегі тиеді деп айтуға болмайды. Бірақ биылғы жылы соның жылу жүйесін қазандықпен, қатты отынмен жұмыс істеуге көшіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Болат Аманбаев
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...
Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қазақстанда кітап оқу мәдениетін ...
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...