Суды тәулігіне 140 литрден артық пайдаланғандарға тариф қымбаттайды
Енді Қазақстанда әрбір азамат тәулігіне 140 литрден артық су пайдаланбауы керек, деп хабарлайды 24kz. Егер ...
Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы мамырдағы ресми мәліметтері бойынша, жылдық инфляция азық-түлік тауарлары мен ақылы қызметтер бағасының маусымдық өсуіне байланысты артқан. Аталған баға өзгерістері уақытша сипатқа ие болып, алдағы айларда бағаның төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақылы қызметтер бағасының өсуі, оның ішінде жаңа тарифтік саясат аясында коммуналдық қызметтер тарифтерінің түзетілуіне байланысты. Бұл жағдай инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестицияларды ұлғайту қажеттілігінен, электр энергиясы, көмір және отын сияқты стратегиялық ресурстар бағасының өсуінен, сондай-ақ табиғи монополиялар кәсіпорындарының қызметкерлерінің жалақысын көтеруден туындаған. Жыл басынан бері реттелетін тарифтердің инфляцияға қосқан жалпы үлесі 0,4 пайыздық пунктті құрады.
Тұтынушыларға әсерін азайту мақсатында тарифтердің көтерілу динамикасын қайта қарау жоспарланып отыр, сондықтан олардың инфляцияға қосатын жалпы үлесі 2025 жылдың соңына дейін 0,89 пайыздық пункттен аспауы тиіс.
Қабылданған шаралардың алдағы айларда тарифтердің теңгерімді өзгеруін қамтамасыз етуі күтілуде.
Енді Қазақстанда әрбір азамат тәулігіне 140 литрден артық су пайдаланбауы керек, деп хабарлайды 24kz. Егер ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында инфляция мәселесіне тоқталды. Ол и ...
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұтынуға арналған тіршілік нәрінің тәуліктік нормасын бекітті. Бұл туралы Skifnew ...