Шекарасыз білім: неге Қазақстан студенттері Ресей университеттерін таңдайды
Ресейде білім алу қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып береміз. Бүгінгі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында ...
Ұлы ойшыл, ақын Абайдың шығармаларын жатқа оқып, өмір жолын жетік білетін болсаңыз 1 миллион теңге сыйақы аласыз. Шымкенттегі Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі бас жүлдеге осындай бәйге тігіп, республикалық байқау жариялады. Оған 17-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашында үміткерлер онлайн форматында Абай Құнанбайұлының кез келген шығармасын жатқа, мәнерлеп оқып, ұзақтығы 2-3 минуттан аспайтын бейнеролик түсіруі керек. Осы кезеңде әлеуметтік желі қолданушыларының ең көп қолдауына ие болған 22 қатысушы ақтық сынға жолдама алады. Жеңімпаздарды марапаттау 10 тамыз – Абай күнінде өтеді.
Нұрилә Жұман, Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің басшысы:
Тек қана біз ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау емес, ғалымдар тарапынан жүргізіліп жатқан қандай ғылыми зерттеулер бар, қандай тың деректер бар, соны да көбірек насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Яғни, қатысушылар осы бағытта да жұмыс істейді.
Ғани Қалмаханов
Ресейде білім алу қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып береміз. Бүгінгі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында ...
Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қазақстанда кітап оқу мәдениетін ...
8-ші сыныптың 50 оқушысы Әділет жобасына қабылданды. Астаналық оқушылар заң мен құқықты тереңдетіп оқитын болды. " ...