Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жаңа туған нәрестені құтқарып қалды
Кішкентай шақалақ дүниеге кеше келген. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" экипажы Қызылорда – ...
6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу-жаттығу жиынында су тасқыны кезеңінде атқарылуы тиіс іс-қимылдар пысықталып, құралдар дайындалады.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Сондай-ақ, аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 6 наурыз сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады.
Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды.
Кішкентай шақалақ дүниеге кеше келген. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" экипажы Қызылорда – ...
Жаңа техникалар КамАЗ базасында жасалған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысы Есет батыр Көкіұл ...
Ақтөбе облысына су тасқынына қарсы шараларға арналған заманауи арнайы автокөліктер берілді. ҚР Төтенше жағда ...