Президент Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Президент Аст ...
Арман Исетов жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды.
Арман Исетов туралы не белгілі?
Арман Исетов 1975 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
Ол 1993 – 1998 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде білім алған.
2022 — Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі;
2018-2022 — Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары;
2012-2018 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры;
2009 – 2012 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары;
2008 – 2009 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақтық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы;
2004 – 2008 — Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшы;
2003 — 2004 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің басқарма басшысы;
1998 – 2003 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Президент Аст ...
Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Серік Саиров Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазСШ ...
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Massage ...