Солтүстік өңір болғанымен, туристік әлеуетіміз де аз емес – Құмар Ақсақалов
Биыл өңірде 1300 шақырым жол жөнделген. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті туризм ұалай дамып жатқ ...
Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының бірлескен отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жиын барысында тараптар өңірлік туризмді дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасу, бірлескен туристік бағыттарды дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және саланы цифрландыру бағытында ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ниетті екендіктерін білдірді.
Маңызды кездесуде Қытайдағы Қазақстан туризм жылының қорытындысына айрықша назар аударылды. Аталған бастама аясында 37 ірі іс-шара ұйымдастырылып, Қытайдың жетекші туристік компаниялармен 200-ден астам келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны 78%-ға артты.
«Туризм – ШЫҰ елдері арасындағы гуманитарлық байланыстардың ажырамас бөлігі. Басым бағыттар ретінде бірлескен маршруттар әзірлеу, визалық рәсімдерді жеңілдету, саланы цифрландыру, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету мен туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білікті кадрлар даярлау міндеттері айқындалған», деді ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Айдын Қапашев.
Жиын қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туристік саясатын үйлестіру және өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған хаттамаға қол қойылды.
Биыл өңірде 1300 шақырым жол жөнделген. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті туризм ұалай дамып жатқ ...
Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз позициясын нығайтып келеді. Беделді халықаралық Bloomberg басылымы Алматы ...
Ауданда құны 1,4 млрд теңге болатын жаңа асфальтбетон зауыты іске қосылып, өнім шығаруға кірісті. Қазіргі таңда өң ...