Астана әкімі бір жылы аялдаманы орнатуға қанша қаражат кететінін айтты
Көп адам тұратын жерде жылы аялдамалар орнатылып жатыр. Бір жылы аялдама 10 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін тұрад ...
Биыл өңірде 1300 шақырым жол жөнделген.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті туризм ұалай дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Солтүстік өңір болғанымен, туристік әлеуетіміз де аз емес. Әрине, облысымызға туристер келуі үшін ең алдымен инфрақұрылым болуы керек. Жолдар дұрыс болуы тиіс. Биылдың өзінде 1300 шақырым жол жөнделді", – деді Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Аймақ басшысының сөзінше, туристерге арналған қонақ үйлер де болуы қажет.
"Қостанай қаласында қонақ үйлердің тапшылығы байқалады. Сондықтан бизнесті шақырып, қазір қонақ үйдің құрылысы басталып кетті. Көктемде тағы бір үлкен қонақ үй салына бастайды. Яғни, адамдар тоқтайтын жер болуы қажет. Одан кейін адамдарды қызықтыратын, жыл сайын өткізілетін мәдени-спорттық шаралар болуы керек. Оған да біз тиісті қаражатты бөлуге тырысып отырмыз", – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі тілшілердің сауалына берген жауабында.
Айта кету керек, бұған дейін Арқалықтағы әуежай құрылысы 2026 жылы аяқталатынын жазғанбыз.
Көп адам тұратын жерде жылы аялдамалар орнатылып жатыр. Бір жылы аялдама 10 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін тұрад ...
Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз позициясын нығайтып келеді. Беделді халықаралық Bloomberg басылымы Алматы ...
Ауданда құны 1,4 млрд теңге болатын жаңа асфальтбетон зауыты іске қосылып, өнім шығаруға кірісті. Қазіргі таңда өң ...