Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Алдағы бірнеше айда Украинада президент ауысуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Сеймур Херштің Вашингтондағы дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді. Ұлыбританиядағы Украина елшісі және бұрынғы Қарулы күштер бас қолбасшысы Валерий Залужный елдің келесі президенті атануы ықтимал. Оның айтуынша, Залужный қазіргі президент Владимир Зеленскийдің орнын басуы мүмкін.
"АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп шешім қабылдаса, Владимир Зеленский қызметінен кетуі мүмкін", — дейді Херш Substack платформасындағы жарияланымда.
Сондай-ақ, Хершке сұхбат бергендердің бірі Зеленский биліктен "күшпен де кетуі мүмкін" екенін айтқан.
Сеймур Херш – беделді тергеу журналисі. Ол бұрын Associated Press пен The New York Times басылымдарында жұмыс істеген. 1970 жылы Вьетнам соғысы кезінде АҚШ әскерінің бейбіт тұрғындарды өлтіруі туралы зерттеуі үшін Пулитцер сыйлығын алған. Кейінгі жылдары АҚШ-тың "Солтүстік ағын" құбырын жарып жіберуге қатысы барын және Зеленскийдің АҚШ бөлген отын қаражатын мақсатсыз жұмсағанын да мәлімдеген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...