Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентіне қарғын су кірді. Толассыз жауған қар мен жаңбырдың салдарынан қыр беткейден ауылдың шетіне су жайылған. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы жағдайды баяндауға әзір.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жосалы кентінің үстімен өтетін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры аумағына жиналған қарғын су ылдилап төменде орналасқан ауылға кеп құйған. Елдімекеннің шет аумағындағы екі көшеге еніп, 7 үйдің ауласын су басқан. Жергілікті әкімдік жедел әрекет етіп, 15 техника 200 жуық адам жоғарыдан келген судың жолын бөгеп, дер кезінде қауіптің алдын алды. Коммуналдық техникалар мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары көше мен үй аулаларына жайылған суды тартып, қазір жағдай тұрақталды. Тұрғындар толық үйлеріне оралды. Мамандар қауіп жоқ деп сендіріп отыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сырдария өзенінен қазір облыс аумағына жоғарыдан секундына 431 текше метр су келіп жатыр. Әзірге қауіптің беті сейілді деп айтуға ерте. Өйткені дарияда әлі сең жүріп, мұздақтар осы күні Қармақшы ауданының Кеңтоғай учаскесіне жеткен. Су мамандары мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күндіз-түні өзеннің осал тұстарын бақылауда ұстап, кезекшілік қойған. Елдімекендер тұсында сең ұстасып, өзен арнасынан тасу қаупі туған жағдайда арнайы бригада мұзды жаратын болады.
Әділбек Серікұлы
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клу ...
Республика күні қарсаңында Астанада "Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі " ұраныме ...