Павлодарда нашар баға алған оқушының әкесі мұғалімді соққыға жыққан
Павлодар облыстық полиция департаменті мұғалім мен оқушының әкесі арасындағы төбелес туралы ақпаратқа түсінікт ...
Павлодарда Халықаралық жастар күні және Жұмысшы мамандықтар жылына арналған Жастар форумы мәресіне жетті, деп хабарлайды 24kz.
Елдің барлық өңірінен келген 100-ден астам делегат өңірдегі ірі кәсіпорындардың заманауи технологиялық үдерістерімен, өндірістік қуаттылығымен танысты. «JastarX» пікірталас алаңында жетістіктерін паш етті. Ал Мемлекет басшысының құттықтауы жалынды жастарды қанаттандырып, ертеңіне сенім ұялатты.
Республикалық Жастар форумына қатысушылар «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты көрмеге қатысып, павлодарлық өндіріс орындарының жетістігімен танысты. Отызға жуық кәсіпорын өнімін ұсынып, технологиялық мүмкіндіктерін көрсетті.
Елдос Жұмабеков, «ҚЭЗ» алюминий цехының ауысым шебері:
- Қазіргі кезде өзіме көптеген мақсаттар қойдым. Бірақ ең бастысы – өзімнің алты жыл бұрын қойған электролиз зауытының электролиз технологиясына нанотехнология ойлап табу. Ол технологияда анод. Анодты қазіргі кезде бізде 28-29 циклда ауыстырады. Менің арманым – ол анодты жылына бір рет ауыстыру.
Екі күнге созылған форумның ең толғандырар сәті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы болды. Павлодар облысында мыңнан астам өндірістік кәсіпорын бар. Онда 80 мыңдай адам еңбек етсе, оның 70%-і жұмысшылар.
Асайын Байханов, облыс әкімі:
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты» деп сіздерге үміт артты. Жүктелген міндетті сіздер абыроймен атқарады деп толықтай сенеміз. Бүгінгі форум жай жүздесу емес, бұл мақсат айқындалып, білім мен біліктің тоғысатын алаңы
Елде IT, инженерия, сервис және креативті индустриялар бағытында түрлі жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар жастардың кәсіби дамуына жол ашып, олардың болашаққа сеніммен қадам басуына мүмкіндік береді.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев
Павлодар облыстық полиция департаменті мұғалім мен оқушының әкесі арасындағы төбелес туралы ақпаратқа түсінікт ...
Пластик бөтелке жарылып, 7 баланы химиялық күйік шалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Жазатайы ...
Оқиға осы жылдың шілде айында болды. Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен екі кішкентай баласын лақтырып, ...