Еліміздің ветеринария саласында маман жетіспейді
Елімізде ветеринария саласында кадр тапшы. Биылдың өзінде 300 мал дәрігерінің орыны бос. Төрт түлікті түл ...
Бүйрек обыры — онкологиялық аурулардың сирек кездесетін, бірақ ауыр түрі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚазОРҒЗИ деректері бойынша 2024 жылы Қазақстанда сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 7,6 болған. Онкологиялық аурулар құрылымында бүйрек обыры сегізінші орында. 2025 жылы 7 айда бұл диагноз 1009 науқасқа қойылған.
"Ауруды ерте анықтау сәтті емдеу мүмкіндігін арттырады. Ол үшін онкология орталықтары мен көпбейінді клиникаларда ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография және зертханалық зерттеу қолданылады. Диагноз қойылғаннан кейін иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық тестілеу жүргізіледі", — деді Қазақ онкология институтының хирургі, онкоуролог дәрігер Хусан Тәліпбайұлы.
Оның айтуынша, бүйрек обырының қауіп факторларына темекі шегу, семіздік, артериялық гипертензия, патологияның тұқым қуалайтын түрлері және созылмалы бүйрек аурулары жатады.
Маман салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс тамақтануды, физикалық белсенділікті сақтауды, салмақты бақылауды ұсынды.
"Несепте қан, бел ауруы, күрт салмақ жоғалту сияқты симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралу керек", — деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Елімізде ветеринария саласында кадр тапшы. Биылдың өзінде 300 мал дәрігерінің орыны бос. Төрт түлікті түл ...
Президент ТМД-ның әлемдік аренадағы абырой-беделін нығайтудың маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуы ...
Оқиға Павлодарда тіркелді . Көрші ел азаматы ағзасын өткізу шарты мен бағасын талқылап, келіседі. Осы кезд ...