Риддерде жыл бойы жұмыс істейтін демалыс кешені ашылады
Алдағы жылдары Риддер қаласында «Анатау» шаңғы кластерін құру жобасы жүзеге асырылады. Бұл жоба – Шығыс Қазақстандағы қы ...
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында Кедровка өзеніне ағып кеткен 64 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Оқиға 31 тамызда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Квадроцикл тізгіндеген екі ер адам өзенге құлап кеткен. Олардың біреуі өз бетімен жағаға шығып үлгерсе, екіншісін қатты ағыс алып кеткен. Содан бері құтқарушылар мен еріктілер оны іздестіріп жатыр.
Құтқару жұмыстарына қайықтар, өтімділігі жоғары техника және дрондар жұмылдырылған. Дегенмен, аймақта толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, ағыс күшейгендіктен әзірге нәтиже жоқ, деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Іздеуге Бутаково ауылының тұрғындары да атсалысуда. Олар өз қайықтарымен өзен арнасын шолып жүр. Алайда әуеден бақылау жүргізу үшін дрондар жеткіліксіз екені айтылды.
Алдағы жылдары Риддер қаласында «Анатау» шаңғы кластерін құру жобасы жүзеге асырылады. Бұл жоба – Шығыс Қазақстандағы қы ...
Құтқарушылар олардың мүрделерін судан алып шықты. Жазатайым оқиғаға тап болғандар балық аулауға шыққан, деп х ...
Оқыс оқиға Қостанай облысының Майлин ауданы Береговое ауылы маңында болған. ТЖМ құтқарушылары Тобыл өзенін ...