«Наурыз» бағдарламасы басталды
Елде халықты баспанамен қамтудың жеңілдетілген жолы - «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы басталды. Жобаға Отб ...
Көптеген қазақстандықтар үшін алғашқы пәтер немесе үй сатып алу – өмірдегі ең маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі. Бұл арманға қол жеткізуге азаматтарға Отбасы банк көмектеседі. Жыл басынан бері банктің әрбір үшінші салымшысы алғаш рет өз баспанасын сатып алып, жаңа қоныс иесіне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстандықтар тиімді жинақ жүргізіп, қолжетімді несие алуға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі және оның негізінде іске қосылған бағдарламалар арқасында жетті. Бұл бағдарламалар әртүрлі халық топтарына бағытталған – жас мамандардан бастап, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға дейін. Олар жинақтау мерзімін қысқартып, тиімді шарттармен жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік береді.
Биылдан бері алғашқы баспанасын сатып алған қазақстандықтар саны мынадай:
«Биылдан бері Отбасы банкінің қолдауымен 60 мың қазақстандық отбасы өз баспанасына ие болды. Олар жалпы 1,250 трлн теңге несие алды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үйге қоныс аударғандар саны 15%-ға, берілген несиелер көлемі 37%-ға өскен. Біздің үшін ерекше маңыздысы – биыл әрбір үшінші Отбасы банк клиенті алғаш рет өз пәтерінің есігін ашты. Бұл дегеніміз банк шынымен де адамдарға өміріндегі ең басты мәселелердің бірі – өз үйін сатып алу мәселесін шешуге көмектесіп отырғанын көрсетеді», деді Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Қазіргі таңда Отбасы банкінде 3 195 535 қазақстандық өз баспанасына жинақ жасауда. Күн сайын шамамен 2 500 жаңа депозит ашылып, 200-дей несие берілуде. Банк қолдауымен биылдың соңына дейін тағы 7 000–10 000 қазақстандық алғашқы баспанасын сатып ала алады деп күтілуде.
Түсініктеме: әртүрлі бағдарламалар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) несиелін алушы категориясына және кредиттік шарттарға байланысты 2%-дан 13%-ға дейін өзгереді. Жас ғалымдар бағдарламасы бойынша ЖТСМ – 5,2%–5,5%;Тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін ЖТСМ – 2,0%–2,1% және 5,2%–5,8%; «Наурыз» бағдарламасы бойынша ЖТСМ – 7,1%–9,6% және 9,4%–13%.