Қазақстандықтар Қатарда жұмыс істей алады: келісім күшіне енді
Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы қазақстандық азаматтарды Қатарда жұмысқа орналастыруды реттеу туралы ке ...
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы ақпаратқа сәйкес, елде 296 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, 821,1 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына 168,3 мың адам орналасты:
Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау үшін әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 239 грант берілді.
«Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 59,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 53,5 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 50 мың адам қамтылды, оның ішінде 27,6 мың адам оқуды аяқтады. Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 9 161 адам жіберілді, оның ішінде 6 375 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 6 118 адам жұмысқа орналасты. Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 363,2 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды», делінген хабарламада.
Қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 363,2 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметін алды.
Айта кетейік, азаматтардың нақты жұмыспен қамтылғанын олардың зейнетақы жарналарының аударылуы растайды. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 821,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: