Биыл елімізде 821 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы ақпаратқа сәйкес, елде 296 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, 821,1 мың азамат тұр ...
Биыл жарты миллионнан астам азамат Skills Enbek онлайн-платформасында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, сертификат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері 553,7 мың азамат онлайн-оқуды аяқтап, сертификат иеленген. Қазір платформада 1 миллионнан астам адам тіркелген болса, оның 710,3 мыңы биыл қосылған.
Айта кетейік, платформа іске қосылғалы бері жалпы 960 мың адам кәсіби білім алған.
«Оқуды аяқтаған 53,5 мың жұмыссыз азаматтың шамамен 16,5 мыңға жуығы негізінен Түркістан облысы (3,5 мың адам), Қызылорда және Қостанай облыстары (тиісінше 2,5 және 2,8 мың адам), Алматы қ. (2,3 мың адам), Алматы облысы (2,2 мың адам) жастары (16-35 жас аралығы) болды», делінген хабарламада.
Платформада авторлар 1 000-нан астам курс әзірлеген, оның 375-і тегін ұсынылады. Сонымен қатар Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстанның курстарына да қосылуға мүмкіндік бар. Оқу ұзақтығы 6 сағаттан 72 сағатқа дейін.
Қыркүйек айында ең сұранысқа ие бағыттар:
Жұмысшы мамандықтар жылына орай биыл мамыр айында мектеп түлектері мен колледж студенттеріне арналған арнайы курстар – «Сенің мансаптық бастамаң» және оның орыс тіліндегі баламасы ұсынылды. Бұл бағдарламалар мамандық таңдауға көмектесіп, жұмыс іздеу, өзін таныстыру, әрі Электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктерін тиімді қолдану дағдыларын үйретеді.
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы ақпаратқа сәйкес, елде 296 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, 821,1 мың азамат тұр ...
Қазақстан атом энергетикасы саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам жасады. Елдегі Атом энергетикасы жөніндегі аг ...
Мемлекеттік инспекторларға қауіпті еңбек жағдайлары кезінде кәсіпорындардың қызметін тоқтата тұру құқығы беріл ...