100 млн теңгеге бейнеролик түсіру: Түркістан облысының әкімі тексеріс жүргізуді тапсырды
Бейнероликте Қазақстан тарихын оның бастауынан қазіргі кезеңге дейін түрлі көркемдік формалар арқылы көрсету көзделг ...
Имамның аяғына массаж жасап жатқан балалардың видеосы түсірілген Сарығаш медресесі 2018 жылдан бастап бюджеттен 1,93 миллиард теңгеден астам қаржы алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алулар сайтынан Түркістан облысының білім басқармасы мен "Сарыағаш" медресе колледжі арасында жасалған барлық келісімшарттардың тізімін табуға болады.
Оған сәйкес, 2018 жылдан бері медресе облыс әкімдігінен мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүздеген миллион теңге алып келген.
Түркістан облысының әкімдігі Қазақстандағы кез келген білім беру мекемесі, діни бағытына қарамастан, мемлекеттен қолдау ала алатынын мәлімдеді.
Белгілі болғандай, 2018-2025 жылдар аралығында медресе 900 гранттық орын алған. Онда студенттер "Исламтану", сондай-ақ "Имам-хатиб" және "Оқытушы"біліктіліктері бойынша оқытылады.
2018-2024 жылдары медресе мемлекеттік бюджеттен 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы алған, ал 2025 жылға арналған келісімшарт сомасы 290 миллион теңге. Ол көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес ай сайын аударылып отырады.
Бейнероликте Қазақстан тарихын оның бастауынан қазіргі кезеңге дейін түрлі көркемдік формалар арқылы көрсету көзделг ...
БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді мәжбүрлі түрде қоныс аударылған немесе депортацияланған барлық украин баласын дереу қауі ...
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...