Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі опер ...
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.
Алайда шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.
Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.
Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.
Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.
Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі опер ...
Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
Ота кезінде асқазан қуысынан шыққан магниттің ұзындығы шамамен 0,5 сантиметр. Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп ...