Қарин: Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қазақстанда кітап оқу мәдениетін ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театры Ұлттық киім күніне орай кішкентай көрермендерге ерекше қойылым ұсынды.
«Жыл он екі ай» ертегісінің желісімен сахналанған «Наурыз құпиясы» спектаклінде қазақтың ұлттық киімдеріне басымдық берілген. Жыл басы болуға таласқан кейіпкерлер сахнаға жағалы шапан, ішік, бөрік, жадағай шапан мен сәукеле киіп шықты. Қойылымда танымал ертегінің желісі аздап өзгертілген. Спектакльде күн мен түн теңелген жыл басы — Наурыз мерекесі Қыдыр атаның берекелі батасымен басталады. Ұлттық салт-дәстүр, ырымдар да қойылымда сәтті үйлестірілген. Мерекеге орай театрдың ұлттық киімдегі қуыршақтарының көрмесі де ұйымдастырылды.
Шоқан Құлназаров, «Наурыз құпиясы» қойылымының режиссёрі, актёр:
Балаларға бұл өте қатты ұнап жатыр. Шыққан көрермен қуанып, көп нәрсені түсініп шыққандары көрініп тұрады. Өйткені, келіп алғысын айтып, «барыс деген мынандай екен ғой, шапшаң екен ғой. Қой деген өте өнерлі, талантты, секеңдеп жүргенімен пайдасы көп екен ғой» деген сияқты.
Қуан Нұрақын
Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қазақстанда кітап оқу мәдениетін ...
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі күйші, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұ ...
Әлемдік мәдениеттерді бір арнаға тоғыстыратын күн 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш ...