Президент «Сыр жұлдыздары» академиясына барды
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары » шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды E ...
Бүгін – Тазару күні. Наурызнама онкүндігі аясындағы мерекелік шара жаппай сенбілікке ұласты, деп хабарлайды 24kz.
Тазару күні Қызылордада да өтіп жатыр. Жер көбесі сөгіліп, табиғатты түлететін берекелі мерекенің соңғы күні осылай түйінделеді.
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- Наурыз – жыл басы. Жаңа жылды қазақ халқы таза ниетпен, жарқын көңілмен қарсы алады. Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күнінің мән-маңызы осымен байланысты. Еліміздің барлық аймағымен бірге қызылордалықтар да бүгін құрал-сайманын алып, көшеге шықты. Сонымен қатар барлық коммуналдық мекеме жұмысшылары мен техникалары да тынымсыз жұмыс істеп жатыр.
Тазалық шарасына жұмылған тұрғындардың бір бөлігі қоғамдық көлік аялдамаларын ретке келтіруге білек түріп кірісті. Қоқыс жәшіктерін босатып, орындықтарды айнадай етіп сүртті. Ал арнайы вакуумды техникалар жаяу жүргінші жолын шаң-тозаңнан арылтты. Коммуналды мекеме жұмысшылары арық жүйелерін тазартып, саябақ қоршауларын сырлап жатыр. Ескі жол белгілері де жаңалануда. «Тазару күні экологиялық және рухани мәнге ие. Мұндай іс-шаралар табиғатқа қамқор болу, тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», - дейді аға буын.
Биыл қаладағы арық жүйелерінің 90%-ін қалпына келтіру жоспарланып отыр екен. «Сонымен қатар жергілікті климатқа төзімді 16 мың дана ағаш егіледі», - дейді мамандар.
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары » шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды E ...
Жаңа буынды станция құрылысы түркиялық AKSA ENERGY компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылып ...
Қызылордалық Қайруллаевтар әулеті ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналдырған. Бұл отбасы ...