Ұлытау облысында жедел басқару орталығы ашылды
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Ұлытау облысында жылына 50 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге қауқарлы цех салынады. Осы жобаны іске қосу үшін Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының ортасынан жалпы ауданы 16 га жер телімі бөлінді.
Бұл жайында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ҚР Үкіметінің отырысында мәлімдеді.
Қалдықтарды қайта өңдеу цехын 2026 жылы іске қосу жоспарланды. Ал барлық кешенді жұмыс 2027 жылы аяқталады. Цехқа қалдықтар қолданыстағы полигондардан жеткізіліп тұрмақ.
Жобаның жалпы құны 840 млн теңге, оның ішінде инвестордың өз қаражаты 134 млн теңгені, ал 705 млн теңге лизингтік қаржыландыру соммасын құрайды, бұл қаражат Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 2025 жылғы 18 наурызда мақұлданды.
Үкімет отырысында Жәйрем тау-кен байыту комбинатымен меморандум аясындағы жоба айтылды. Қазіргі күні Жәйрем кентінен қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын полигон салу үшін 15 га жер телімі бөлінді.
Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген соң Жәйрем тау-кен байыту комбинатымен бірлесіп, полигонды одан әрі салу мәселесі қарастырылатын болады.
Ұлытау облысы
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Ұлытау облысында жыл басынан бері тұрақтандыру қорынан 600 тоннаға жуық азық-түлік саудаға шығарылды. Халық көп тұ ...
Жыл басынан бері Астанада вандализмге қатысы бар 140-қа жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал Ұлытау өң ...