Алматыда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық ғылыми форумы өтті
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мә ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Елімізде еңбек ететін жас мамандарға баспаналы болудың мүмкіндігі көп. Соңғы уақытта әсіресе, жалдамалы пәтердің игілігін көріп жатқандарын айтады. Сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үй жастардың аяқтан тұрып кетуі үшін беріледі. Бұл бағдарлама 5 жыл бойы өз шаңырағына ақша жинауға үлкен мүмкіндік, дейді жауаптылар.
Мирас Талғатұлы 2019 жылы сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы пәтерге онлайн өтініш берген. Кәсіпорында жұмыс істейтін маман қазір «Наурыз» бағдарламасы арқылы жеке баспанасын алған.
Мирас Игібаев, қала тұрғыны:
Айына ең қолжетімді бағада және инфляцияға, курстарға қарамастан бағасы өзгеріссіз қалды. Сол маған үлкен көмек болды. 5 жылға алдық. Алдыңғы жылы 2024 жылы «Отбасы банктан» «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары іске асты.
Жалдамалы пәтерде қаржы жинап, өз баспанасына ие болған жандардың бірі – Әйгерім Берікқызы. Математика пәнінен дәріс беретін мұғалім жақында көптен күткен қоныс тойын тойлады.
Әйгерім Берікқызы, қала тұрғыны:
2 ай көлемінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, осы жаңа жылда жаңа баспанамызға кірдік. Пайыздық мөлшерлемесі аз. Және бастапқы жарнасы 10% болды. Сол себепті бұл жастарға арналған тиімді бағдарламалардың бірі.
Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары қазір өте тиімді. Алғашқы жарнасы мен пайыздық мөлшерлемесі төмен. Жалдамалы пәтерде тұрғандар мемлекеттік бағдарламаларға да қатыса алады, — дейді «Отбасы банк» өкілі.
Данагүл Түсіпова, «Отбасы банк» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры:
«Наурыз» бағдарламасының аясында жастарға да өте үлкен көңіл бөлінуде. Оған қосымша балл беріледі. Егер 35 жасқа дейінгі қатысушы болатын болса жасына байланысты. Сонымен қатар, өткен жылдың статистикасы бойынша «Наурыз» бағдарламасына қатысып, үйлі болғандардың ішінде 60%-ы 35 жасқа дейінгі жастар болып табылады.
Ал «Алматы жастары» бағдарламасы басталғалы 6 мыңға жуық адам баспаналы болған. Тек былтыр 1400-ге жуық жас маман қоныс тойын тойлапты. Жеңілдікпен баспана алу бағдарламасы биыл да жалғасады, — дейді әкімдік өкілдері. Өтініш қабылдау келер апта басталады.
Қуан Нұрақын