2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еркін бағдарламада Самоделкина 117,78 ұпай жинап, жалпы сомасы 181,36 ұпаймен жарысты 14-орынмен аяқтады. Нәтижесінде ол 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.
Чемпион атанған америкалық Алиса Лью 222,97 ұпай жинаса, жапондық Каори Сакамото (217,98) күміс жүлдегер атанды. Қола жүлде тағы бір жапондық спортшы Монэ Тибаға (215,24) бұйырды.
Айта кетейік, Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшылар әлем чемпионатында үздік 24 қатарына енуге тиіс. Софья Самоделкинаның көрсеткіші ресми түрде кейінірек расталады.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынған. Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақп ...
Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойынд ...