2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынған.
Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы таныстырылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жабдықтың техникалық талаптарын келісу, үлгілерін бекіту және жеткізілетін спорттық киімнің сапасын бақылау мақсатында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ танымал отандық спортшылар кірді.
Жұмыс комиссиясы ұлттық құраманың спорттық киімінің эскизін бекітті. Қазіргі уақытта бұл эскиз Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтіп жатыр.
Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.
Сондай-ақ ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынғанын айта кеткен жөн. Туризм және спорт министрлігі 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындық бойынша жоспарлы жұмыстарын жалғастыруда.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойынд ...
Спортшы 2026 жылы өтетін жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов үлкен спортқа ...