Жамбыл облысында жер сілкінісінен соң залал келді деген баспаналар саны қысқарды
Бүгінде зілзаладан кейін қабырғалары сөгілді деген 12 тұрғын үй анықталған. Жамбыл облысында жер сілкін ...
ТЖМ сейсмологтары Жамбыл облысында мониторингті жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сейсмологиялық станциялар желісі Меркі ауданында эпиорталық аймағында орналастырылған. Триангуляция әдісімен жұмыс істейтін үш қосымша жылжымалы станция орнатылған. Олар эпиорталықтан 30-80 шақырым радиуста: жер қыртысының қозғалысын, жер асты микродүмпулерді және жер асты шуларын анықтайды.
"Бұл деректер афтершок белсенділігін егжей-тегжейлі зерттеуге және қауіпті бағалауға мүмкіндік береді. Жиналған деректер жедел режимде сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссияның талдауы мен жұмысы үшін Орталық сейсмикалық обсерваторияға беріледі. Нәтижесінде қорытынды дайындалып, Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына жіберіледі. Бұл нақты уақыт режимінде жағдайды талдауға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет шараларды қабылдауға мүмкіндік береді", — деді ТЖД өкілдері.
Қазір Жамбыл облысында ТЖМ СБЗҒО 9 сейсмологиялық станциясы жұмыс істейді.
Ведомство мәліметінше, Қазақстан ТЖМ жағдайды бақылауда ұстап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдап жатыр.
Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.
Астана уақытымен сағат 15:56-да тағы бір жер сілкінісі болды.
Бұған дейін Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Бүгінде зілзаладан кейін қабырғалары сөгілді деген 12 тұрғын үй анықталған. Жамбыл облысында жер сілкін ...
Жамбыл облысында жер сілкінісінен бүлінген баспана тізімі қысқарды. Үкіметтік жұмыс тобы тұрғындардан түскен а ...
Бұл күндері елдің мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Мьянма премьер-министрі Мин Аун Лайн жер сілкінісі салда ...