Блогерлердің басына бұлт үйірілді: Заңсыз табыс тәркіленетін болды
Енді әлеуметтік желідегі заңсыз лотереялар қатаң бақылауда болады, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порт ...
Ашық образдарымен көзге түсіп, сынға қалған блогер Керім Найманбаева бала күтушісіне қандай талап қоятынын айтты.
Блогер ару күйеуінен 25 жасқа кіші, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Өткен жылы қызды болы, ана атанған Керім Найманбаева бастапқы уақытта қатты қиналғанын айтты.
«Көп ер адамдар бала тек әйелге керек секілді қарым-қатынас жасайды ғой. Бірақ, мен босанбай тұрып күйеуіме сенің жасың үлкен, көп нәрсені білесің және маған қолдауың керек. Бұл бала ортақ, бірге қарайық. Мен әлі жас қызбын, тұрмысқа жұтылып кеткен әйел болғым келмейді деп айттым. Анамды және басқа да әйелдерді көріп жүрмін ғой. Мен ондай болғым келмейді дедім. Қаржылық жағынан барлығы дұрыс болса, көмекші аламыз дедім. Солай босанғаннан кейін баланы бірге қарадық. Қатты қиналдық, ұйықтамадық, ұрысып, кезек-кезек қарадық. Бала 3-4 ай болған кезде ұйықтай бастады. Сол уақытта жұмыстарымызға оралу керек болды. Бала күтушісін іздедім, табу қиын болды. 6 бала күтушісін ауыстырдық. Біреулері бізді танып жатса, бірімен жаман қарым-қатынаста қоштастық. Мысалы, менің жас екенімді көріп, сен деп сөйлеген кісілер болды. Ал, мен ондай нәрсені жақтырмаймын. Жұмыс барысында сіз деп сөйлеу керек. Мен жас болсам да, бұл жағдайда мен қожайынмын. Әрең дегенде қазіргі көмекшімді таптық», — дейді ол Анна Данченкоға берген сұхбатында.
Блогер бала күтушісіне қандай талап қойғанын да жасырмады.
«Басты талап — балаға қатысты барлық дүниені жасау керек. Міндетті түрде баламен қазақша сөйлесу керек. Ұлты басқа жақсы бала күтушілері де болды. Бірақ олар қазақша білмегендіктен мен бірден бас тарттым. Бала өзінің ана тілінде сөйлеу керек. Сондықтан негізігі талаптардың бірі қазақ болуы және қазақша білу керек болды. Содан соң ұят та болса ажырасқан әйелдерді қаладым. Себебі, бала күтушісі болу оңай емес. Түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Ал, көп әйелдердің күйеуі түсіністікпен қарамайды ғой. Бізде 1-2 бала күтушісінің күйеулері жұмыстан кешіккені үшін ұрып тастаған жағдайлар болды. Сондықтан жасы 40-45 тен асқан, ұлты қазақ, қазақша білетін, өзінің балалары бар, тәжірибесі көп, күйеуі жоқ әйел болу керек деген талап қойдым. Сол тілегім орындалды, жақсы көмекшім бар. Айына 700 мың теңге төлейміз. Бізбен бірге тұрады, тамағы бәрі бізден», — дейді ол.