Мүгедектердің құқығы қорғалып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адам ...
«Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы Краснобор және Есіл су қоймаларында, сондай-ақ Преображенск гидроторабында көпфакторлы тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Бұл жұмыстарға геологиялық, гидрологиялық және геодезиялық зерттеулер, су түбі мен жаға сызықтарын зерделеу, су ортасының жағдайын талдау сияқты кешенді шаралар кіреді. Тексеру кезінде заманауи және сапалы құрылғылар — георадарлар, сонарлар және басқа да жабдықтар қолданылып жатыр.
Биылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша 134 гидротехникалық нысанды көпфакторлы тексеруден өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, былтыр Қазақстанның 14 облысында 84 нысан тексерілген еді. Бұл бастапқы жоспардан да көп болды.
«Ақмола филиалы бұл жұмыстарды биыл мамыр айында бастаған. Көпфакторлы тексеру — бұл гидротехникалық нысанның пайдаланылу барысында қандай күйде екенін анықтау үшін жүргізілетін толық әрі кешенді талдау», – деді «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының директоры Ербол Әскербеков.
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адам ...
Елдегі өнеркәсіптік кәсіпорындар жеті жылда су үнемдеуді үйрену керек. Бұл Президент тапсырмасы. Яғни суды қа ...
Биыл Ақмола облысында дәрігерлерге төленетін көтермеақы көлемі екі есе ұлғайды, деп хабарлайды 24KZ. Мәселе ...