Ерейментаулық 1700-ден аса мұғалімнің еңбекақы қарызы өтелді
Аудандық прокуратурамен жүргізілген талдау барысында педагогтардың құқығын бұзу деректері анықталған. Прокурорлық ...
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды.
Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында елеулі бұзушылықтарды анықтап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұзушылықтар азаматтарды тфлотехникалық, сурдотехникалық құралдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен уақтылы қамтамасыз етпеу жағдайларында кездескен.
– Оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуға жауапты әлеуметтік қорғау органдары 6 айдан астам уақыт бойы аталған азаматтарды негізсіз дыбыстық хабарламасы бар ұялы телефондармен және дыбыс жазу құрылғыларымен қамтамасыз етпеген, бірқатар азамат ұзақ уақыт бойы қажетті протездік-ортопедиялық көмекті ала алмаған.
Мұндай бұзушылықтар азаматтардың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін шектейді, – делінген хабарламада.
Ден қою шараларымен аталған адамдар сурдо және тифлопедиялық құралдармен, сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілген.
Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудандық прокуратурамен жүргізілген талдау барысында педагогтардың құқығын бұзу деректері анықталған. Прокурорлық ...
Жыл басынан бері прокурорлық шаралар нәтижесінде 1266 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Өңірде инвесторларды қолдау жән ...
Қылмыстық топтың басқа мүшесі бас бостандығынан айырылды. Қазақстан аумағында жұмыс істеген онлайн-казиноның ұйымда ...