"100 пайыз өзгердім" деген зілтемірші Алмас Өтешов басшылық қызметке тағайындалды
Әуелгіде ол допинг дауынан соң, өзін жоғалтып, қаржылық қиындыққа тап болған еді. Кейіннен туған жері Қызыло ...
Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары және ирригация ведомствосының бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Сала министрлігінің мәліметінше, Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институтын тәмамдаған Нұрлан Алдамжаров еңбек жолын 1999 жылы «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтаждаушы шебері лауазымынан бастаған.
2002-2008 жылдар аралығында Ташкент, Шымкент қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызметтер атқарған.
2008-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, бас маманы.
2012-2014 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары.
2015 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалған.
2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, Партиялық бақылау қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.
2016 жылы – АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК гидротехникалық құрылымдар бөлімінің жетекші маманы болды.
2016-2018 жылдары – аталған комитеттің төраға орынбасары.
2018-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
2020-2023 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметін атқарды.
Әуелгіде ол допинг дауынан соң, өзін жоғалтып, қаржылық қиындыққа тап болған еді. Кейіннен туған жері Қызыло ...
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілт ...
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Ол б ...