Өскеменде 17 жастағы бозбала суға батып кетті
12 маусым күні инертті материалдар комбинаты маңындағы Ертіс өзенінің саласында кәмелетке толмаған жасөспірім ...
Шығыс Қазақстан облысында экологтар тұрғындардан шағым түскен жағдайда ірі өндіріс орындарын еш кедіргісіз тексере алады, деп хабарлайды 24kz.
Яғни, мамандардың құзіреті кеңейді.
Дәлел болатын бейнежазба болса, сынама алып, жан-жақты тексеріс жүргізеді. Өңірдегі 9 кәсіпорын экологиялық инспекторлармен осындай меморандумға қол қойды.
Биыл 158 күн бойы Өскеменнің аспанын өндірістен шыққан қою түтін басып тұрды. Осыған байланысты «Металлургиялық кәсіпорындар мен жылу электр станциясының өкілдері өндірістік жүктемені азайттық», - деп мәлімдеді. Бірақ оны экологтар тексере алмады. Себебі олар қала тұрғындарының шағымы негізінде алдымен әділет органдарынан рұқсат алуы керек болатын. Жаңа меморандум тексеріс жүйесін жеңілдетті.
Азамат Тәуірбеков, облыстық экология департаменті басшысының м.а.:
- Қолайсыз метеорогиялық жағдайлар жарияланған кезде және штаттан тыс оқиғалар орын алған кезде кәсіпорындарда құқық қорғау органдары және экологиялық департаментінің қызметкерлері тексерісті тағайындамай кәсіпорында тексеру іс-шараларын жүргізе алады.
Кенді қаладағы экологиялық жағдайдың жақсаруына енді қарапайым тұрғындар да атсалыса алады. Дәл осындай бейнежазба арқылы титан-магний комбинатына бірнеше рет тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 24 млн теңгеге айыппұл салынып, экология мәселесіне бей-жай қарауға болмайтыны түсіндірілді.
Андрей Лазарев, Металлургиялық кәсіпорынның басқарушы директоры:
- Меморандумда тараптардың міндеттері анық көрсетілген. Жаңа жүйе кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, жауапкершілікті арттырып, өндірісте болып жатқан өзгерістерді тұрғындарға жеткізіп отырады деген ойдамын.
Ауаға аса көп мөлшерде зиянды қалдық шығарылса, қабылданатын шаралар тізбегі де қайта қаралды. Мектептер мен әлеуметтік нысандардың дабыл қағу жүйесі жеделдетілді.
Елена Березинская-Абилова, «Өскемен тынысы» қоршаған ортаны қорғау бюросының жетекшісі:
- Алгоритм бойынша ақпарат экология департаментіне ғана емес қоғам белсенділеріне де жіберіледі. Біз өз кезегімізде тұрғындарға жеткіземіз. Сонымен қатар әлеуметтік желіге жарияланады.
Енді аймақтағы экологиялық жағдай қоғам және әлеуметтік желі белсенділеріне де баяндалады. Осы арқылы қала тұрғындарына шынайы әрі жедел ақпарат тарату жоспарланып отыр.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин