Қазақстан әскері сыртқы, ішкі қатерге дайын ба?
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтен Қазақстан әскері ішкі және сыртқы қатерг ...
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов әлеуметтік желідегі Х парақшасында Қарулы күштерде тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында екі жаңа «Әскердегі заң мен тәртіп» және «Цифрлық профилактика» деп аталатын жобаның іске қосылғанын мәлімдеді.
Бұл бастамалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау – әскери басқару органдарының басты міндеттерінің бірі болуы тиіс деген тапсырмасына сәйкес қолға алынып отыр.
Жобалар аясында әскери бөлімдерде жасанды интеллекті қолданатын заманауи бейнебақылау жүйелері орнатылып, сарбаздардың қызметі нақты бақыланатын болады. Сонымен қатар, далалық жаттығулар, жауынгерлік дайындық пен күзет қызметі кезінде командирлер мен сарбаздар бейнежетондармен қамтамасыз етіледі. Бұл құралдар әскерде тәртіпті сақтау мен төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Сондай-ақ, http://armia.kz сайтында әскери қызметшілерге арналған цифрлық кеңесші іске қосылып, қосымша байланыс арналары арқылы әрбір сарбаз өз құқығын қорғау үшін тікелей хабарласа алатын жүйе құрылды.
Жаңашылдықтар қатарында әскерге шақыру мен медициналық комиссия отырыстарын аудио-видео жазуға мүмкіндік беретін шешімдер де қарастырылуда. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыз азаматтардың заңсыз шақырылуының алдын алмақ.
Берік Асыловтың айтуынша, бұл реформалар әскери қызметтің қауіпсіздігі мен әділеттілігін арттырып, сарбаз бен командир арасында сенім орнатуға бағытталған.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтен Қазақстан әскері ішкі және сыртқы қатерг ...
Олар бір ай бойы ҰҚК шекара қызметінің Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департамент ...
Адвокат Инга Иманбай әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы жөнінде ақпарат берді, деп хабарла ...