Қызылордада жаңа қойылған қоқыс контейнерлері 3 айға жетпей қирап қалды
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Қызылордада дәмханада жұмыс істейтін ер адам мекеме иесіне шабуыл жасап, ет шабатын балтамен екі саусағын шапқан . Оқиға қоғамдық тамақтану орнында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті – осы дәмханаға ет дайындаушы ретінде жұмысқа алынған. Алайда ол жұмыс орнына мас күйінде келіп, карта ойнап, міндетінен жалтарған. Бұған наразы болған кәсіп иесі ескерту жасаған кезде, ер адам қолына балта алып, әйелге қарсы шабуыл жасаған.
Жәбірленуші – көпбалалы ана. Қазір ол ауруханада, жағдайы тұрақты.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Құқық қорғау органдары бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Әйел әкімшілік жауапқа тартылды. Қызылордада кәмелетке толмаған баласына рөлді берген анаға 55 мың теңге көлем ...
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары » шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды E ...