Қазақстандықтардың көрші елге кіруі қиындауы мүмкін
30 маусымнан бастап Ресей шетелдіктердің елге кіруіне байланысты жаңа қағидаларын енгізеді. Содан соң Орталық ...
Украина президенті Владимир Зеленский түнгі уақытта Киевке жасалған шабуылды соңғы уақыттағы ең ауқымды шабуылдардың бірі деп атады. Сондай-ақ, АҚШ ресми өкілдерінің пікірінше, Ресей Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) «Паутина» операциясы аясында жасалған шабуылға жауап ретінде көпжақты және күшті соққы дайындап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
10 маусымға қараған түні Ресей әскері Киев пен Одесса қалаларын дрондармен шабуылдады. Украина билігінің дерегінше, барлығы 315 дрон жіберілген.
- Ресейдің соққылары АҚШ пен басқа елдердің Ресейді бейбіт келісімге мәжбүрлеуге талпынысынан әлдеқайда қатты, – деді Украина президенті Владимир Зеленский.
Ол Киевке жасалған түнгі соққыны соңғы кезеңдегі ең ауқымды шабуылдардың бірі деп бағалады.
Одессада жасалған шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, 13-тен астам адам жарақат алды. BBC мәліметінше, тұрғын үйлер, перзентхана ғимараты, жедел жәрдем станциясы, жеке медициналық клиника, спорт кешені, хайуанаттар бағы, теміржол вокзалы зақымданған.
Киевте 4 адам жарақат алды, тұрғын үйлерге, бизнес-орталыққа, қоймалар мен теміржолға зақым келген. Зеленский одақтастарды агрессияға қарсы бірігіп әрекет етуге шақырды.
- Ресейдің бұл және басқа да ұқсас шабуылдарына әлем үнсіз қалмай, нақты әрекет етуі қажет. Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлеуге қауқары бар Америка әрекет етуі тиіс. Күшті болудан басқа жолы жоқ Еуропа әрекет етуі тиіс. Дипломатия мен соғысты тоқтатуға шақырған, бірақ Ресей елемеген өзге де елдер әрекет етуі тиіс. Бейбітшілік үшін қатаң қысым қажет, – деді Зеленский.
АҚШ-тың бір шенеунігі Ресейдің мұндай соққыны бірнеше күн ішінде жасауы мүмкін екенін, әрі оның "асимметриялық" сипатта болатынын айтты. Яғни, шабуыл Украина жасаған әрекеттің айна-қатесіз көшірмесі болмайды.
Тағы бір дереккөз бұл соққы зымырандар мен дрондардың бірлескен қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін екенін жеткізді.
Батыс дипломатиялық дереккөздерінің мәліметінше, Ресейдің қарсы әрекеттері қазірдің өзінде басталып кеткенімен, олар алдағы уақытта күшейіп, Украинадағы маңызды нысандарға – үкімет ғимараттарына бағытталуы мүмкін. Бұл арқылы Мәскеу Киевке нақты саяси сигнал беруді көздеуі ықтимал.