Газада бір тәулікте 11 адам қаза тапты
Израиль әуе соққыларынан Газа секторында бір тәулікте 10 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алған. Бұл ту ...
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдар солтүстіктегі Газа қаласына және оңтүстіктегі Хан-Юнусқа бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Израиль әскері қазір сектордың шамамен 60%-ын бақылауда ұстап отыр.
9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Мысырда өткен келіссөздер барысында Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату жоспарының алғашқы кезеңін мақұлдағанын жариялаған болатын. Бұл келісім 10 қазанда Израиль үкіметінің мақұлдауымен күшіне енді.
Алайда келісімге қарамастан, Израиль әскері палестиналық аймақтарға түрлі себептермен соққыларын жалғастырып келеді.
Трамптың жоспарына сәйкес, екінші кезеңде Газа секторын қалпына келтіру, Бейбітшілік кеңесін және Халықаралық тұрақтандыру күштерін құру, сондай-ақ эксклавты басқарудың болашақ жүйесін анықтау қарастырылған.
Израиль әуе соққыларынан Газа секторында бір тәулікте 10 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алған. Бұл ту ...
Бұл туралы Израиль барлау қызметінің басшысы (Моссад) Давид Барнеа айтқан. Оның сөзінше, Тегеран ядролық қару жасау ...
Израиль Ливанның оңтүстік бөлігін нысанаға алып, соққы жасады. Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Израиль тар ...