ІІМ көңіл көтеру орындарында ішімдікті сату уақытын шектеуді ұсынды
Қылмыстың белең алуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – алкогольді шамадан көп тұтыну. Жыл сайын мас күйд ...
Threads қолданушысы Сымбат Мақұлова есімді ару тойға Төреғали Төреәліні шақырып, бірақ әртістің әрекетінен көңілі қалғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушысы әкесінің тойына әншінің мас болып келгенін жайып салды.
“Әкемнің 55 жасына Төреғали Төреәліні шақырдық. Өйткені әкемнің қатарластары Төреғалидың әндерін тыңдайды. Керемет көңіл-күй сыйлайды деп ойладық. Бірақ ол ішімдік ішіп келді. Негізі той халал болған. Тіпті жарты күн ерте келіп, ұйымдастырушылардан вискиге 32 мың төлеуді талап етті. 8 рет вискиге тапсырыс берген. Талабын орындамасақ, сахнаға шықпайтынын айтты. Бір кезде фонограммамен ән айтып, кетіп қалды”, – деп жазды бейтаныс ару.
Жазбаның астына көпшілік екі түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі Төреғалиды қолдаса, енді бірі тойға әнші шақырмауға кеңес берді.
“Тойға әнші шақырып керек емес”, “55 жастан асқандар Төреғали мен Қайратты ғана тыңдайды”, “Ол ішімдікті стрестен шығу үшін ішеді”, “Қатты ұят болған екен”, “Төреғали жоғалып кетіп еді, қайтадан оралыпты”, “Түркиядан емделіп келді”, – деп жазды көпшілік.
Қылмыстың белең алуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – алкогольді шамадан көп тұтыну. Жыл сайын мас күйд ...
Өнерді тастап, сахнамен қоштасамын деген әнші Төреғали Төреәлі тағы да жазба жариялады, — деп хабарлайды S ...
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері, қазақстандық спортшы Алмас Өтешов әлеуметтік желіде өзінің ...