«Нашар адам»: Желі қолданушысы Төреғалидің сахнадан кетуіне әкесін кінәлады (ФОТО)
Әнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында өнерден кететінін жазған еді, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпара ...
Өнерді тастап, сахнамен қоштасамын деген әнші Төреғали Төреәлі тағы да жазба жариялады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қолына домбырасын алған "Ұлы дала баласы" өзіне қолдау көрсеткендерде алғысын айтып өнерді тастамайтынын жеткізді. Әншіні қолдап пікір жазғандардың арасында Тамара Асар да бар.
"Бір кездері мен де адастым.
Қателестім.
Біреуді ренжіттім.
Біреудің үмітін ақтай алмадым.
Сол үшін шын жүректен кешірім сұраймын.
Бірақ жүрек әлі тірі.
Сенім әлі бар.
Мен енді бәрін қайтадан бастауға бел будым.
Өзімді — ішкі адамымды — қайта табуға тырысамын.
Отбасымның тірегі, елімнің азаматы, жастарға үлгі болғым келеді.
Астанаға көшіп келдік.
Жаңа қала. Жаңа өмір. Жаңа команда. Жаңа парақ.
Жаңа-ескі-жаңа продюсерімде қасымда.
Бәрі нөлден басталып жатқандай.
Жанымда сенетін жандар бар — солармен бірге қайтадан көтерілгім келеді.
Мен өнерден кеткен жоқпын.
Өнер — менің өмірім.
Бұл менің тынысым.
Мен әрдайым елімнің мәдениетіне, халқымның жүрегіне қызмет еткім келеді.
Кім қолдайды — рахмет.
Кім күмәнданады — түсінемін.
Бірақ мен енді бұрынғы Төреғали емеспін.
Мен — бүгінгі, шынайы, өмірге қайта оралған Төре ұлдарыңызбын!", — деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Төреғали Төреәлі (@toregalitoreali)
Әнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында өнерден кететінін жазған еді, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпара ...
Threads қолданушысы Сымбат Мақұлова есімді ару тойға Төреғали Төреәліні шақырып, бірақ әртістің әрекетінен ...
Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева соңыға уақытта неліктен сахнадан, театрдан көрінбей кеткенін айтып , ...