Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Павлодар облысында дауылдан зардап шеккендер саны 16 адамға жетті, оның ішінде балалар да бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, 19 маусымда Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауыл соққан. Дауыл инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірген, жарық сөніп, халық арасында жарақат алғандар тіркелген.
"Төтенше жағдайлар қызметі мәліметі бойынша 16 адам зардап шеккен, оның ішінде үшеуі — бала. Ақсуда 1968 жылғы тұрғын қайтыс болды", — деп жазылған хабарламада.
Павлодарда 47 нысанның, соның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келген. Ақсу мен Екібастұзда 23 нысан, Баянауыл ауданында 7 нысан зардап шекті, сондай-ақ, Май және Павлодар аудандарында ғимараттар бүлінген.
Ақсу және Баянауыл аудандарында электр қуаты өшкен.
Қазір апаттың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Байланыс және электрмен жабдықтау желілерінің 16 бағанасы қалпына келтіріліп жатыр. 300-ден аса адам және 103 арнайы техника жұмылдырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @pavlodar_region
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Павлодар облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен кейінгі екі жылда 30 денсаулық сақт ...