Еліміздің біраз бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Елдің 17 облысында синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады. Оңтүстікте аптап ыстық, ал орта ...
27 шілдеден бастап Ішкі істер министрлігі "Түнгі қаладағы балалар" атты жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс-шараның алғашқы күні полиция бөлімшелеріне екі мыңнан аса жасөспірім жеткізілген, олардың ішінде төртеуі қылмыс жасағаны үшін, екі мыңға жуығы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұсталған.
"70 бала қараусыз жүргені анықталып, бейімдеу орталықтарына жеткізілді. 1700-ден аса бала түнде көшеде және ойын-сауық орындарында жүрген жерінен ата-аналарына тапсырылды. 48 кәсіпкер балаларды түнгі уақытта кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 51 бала мас күйінде көшеде жүрген жерінен оқшауланды", — деп жазылған хабарламада.
Полиция ата-аналарға ескерту жасады.
"Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапты екендеріңізді еске саламыз. 220 ата-ана балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 116 жасөспірім және бала тәрбиесімен айналыспайтын 139 ата-ана анықталды. Жасөспірімдерден тоғыз тыйым салынған зат тәркіленді, олардың ішінде бір пневматикалық қару, бес пышақ және үш кастет бар", — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің қызметкері Ботакөз Жалекешова.
Сонымен қатар, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 159 сайт анықталып, олар бұғатталған.
"Құрметті азаматтар! Қазір жазғы демалыс уақыты. Балаларыңыздың қайда және кіммен жүргеніне ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймыз. Көп жағдайда ата-аналар балаларына кешке дейін серуендеуге рұқсат береді, балаға сенім білдіріп, "біздің бала ешқашан жамандыққа бармайды" деп ойлайды. Түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүрген бала қылмыстың құрбаны болуы мүмкін. Бір ғана күнде сонша пышақ пен кастеттің тәркіленуі — осы қауіптің нақты дәлелі", — деді Ботакөз Жалекешова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!