Мүгедектердің құқығы қорғалып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адам ...
ТЖМ құтқарушылары 11 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, кезекші тәулік ішінде еліміздің төрт өңірінде 8 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, жол қозғалысын жалғастыра алмады. Көлік құралдарының ішінен құтқарушылар 27 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.
Авариялық-құтқару жұмыстары Ақмола облысының Аршалы ауданында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Қарағанды облысының Теміртау қаласының және Қостанай облысының Арқалық қаласының амаңында жүргізілді. Барлық саяхатшы жақын жылыту пункттеріне жеткізілді. Жедел іс-қимылдар мен құтқарушылардың уақтылы көмегінің арқасында ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, — делінген мәліметте.
ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адам ...
Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше ...
Биыл Ақмола облысында дәрігерлерге төленетін көтермеақы көлемі екі есе ұлғайды, деп хабарлайды 24KZ. Мәселе ...