Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...
Қазақстандық өнім өндірушілер Францияда өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік деп танылды, деп хабарлайды 24kz.
«Mondial du Fromage-2025» ірімшік және сүт өнімдері байқауына биыл 17 отандасымыз қатысуда. Сайыс қорытындысында қазақстандық шаруалар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды. Қазылар алқасы түйенің сүтінен әзірлеген балқаймақ пен ешкі сүтінен жасалған ірімшікті жоғары бағалап отыр. Халықаралық 6 жүлденің төртеуін маңғыстаулықтар алды. Осы өңірде «Мен кәсіпкер» атты өңірлік бағдарлама үшінші жыл жалғасып келеді. Жобаға қатысушылар сүт өнімдерін жаһандық талаптарға сәйкес өндіруді үйренеді.
Сәуле Салихова, Маңғыстау облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:
- 5-6 сиырды немесе түйені сауып отырған әйелдер қазір деген сол өнімдерін шығару үшін бірнеше сертификаттан өтті. Ветеринарлық инспекциядан өтті және де Еуразиялық сертификаттарды алып отыр. Соның арқасында оларды қазір шетелге шығардық. Ол үлкен жұмыс. Тек қана Маңғыстауға емес, бұл Қазақстан үшін үлкен жеңіс.
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...
Грек-рим күресінен Нови-Сад (Сербия) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі ж ...
Қазақстандық спортшы әлем чемпионатындағы алтын жүлдемен қатар Азия рекордын да жаңартты. 9–18 қазан аралығы ...